Видео

Күлі көкке ұшты: Англияда электр станциясының алып мұнаралары құлады – видео

Қуатты жарылыстан кейін биіктігі 117 метрден асатын төрт мұнараның (бұл "Бәйтерек" монументінен 20 метр биік) күлі көкке ұшты
Sputnik

Бұл нысан салқындатқыш мұнаралар деп те аталады және ол электр станциялары мен басқа да өндірістік нысандардағы технологиялық судың үлкен көлемін салқындату үшін қолданылған. Англияның Стаффордшир графтығындағы бұрынғы көмір электр станциясының тозығы жеткен болатын.

Жергілікті билік қоршаған ортаны ластауға қомақты үлес қосқан нысандар осылайша тарихқа айналуы керек деп шешті. 1950 жылдары салынған ғимараттар өңірде ерекше көрнекті болды және Рагли станциясы 2016 жылға дейін жұмыс істеді. Ал жұмысы тоқтағаннан кейін оған жөндеу жүргізілмеді.

Нысан орны қалдықтардан тазартылғаннан кейін бұл аумақта бизнес орталықтар мен тұрғын үй салу үшін пайдалану жоспарланған. Сондай-ақ жергілікті билік ол жерге мектеп пен саябақ салынатынын айтып отыр.

Оқи отырыңыз: Сау-тамтығы қалмады: БелАЗ жол талғамайтын көлікті басып кетті – видео

Алып ғимаратты құлату жұмысын Engie компаниясы іске асырып, көрермендерге қауіп төнбеуі үшін олар оқиғаның интернет-таратылымын қамтамасыз етті.