НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Шымкентте шина зауыты ауданындағы Қапал батыр көшесінде жылдамдықпен келе жатқан "Газель" көлігі көшенің жарықтандыру бағанына соғылды, деп хабарлады аймақтық Otyrar басылымы.
Соққыдан көлік өртеніп кетті. Салонда екі жолаушы болған. Апат куәгерлері көмекке келді. Олар өрттен 39 жастағы әйел мен 18 жастағы жігітті алып шықты. Зардап шеккендер облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді.
Оқи отырыңыз: Көлікте отырған 2 әйел тірідей жанып кетті: желіде оқиғаның видеосы жарияланды
Әйел жабық бас сүйек-ми зақымын алды. Жас жігіт ұзақ уақыт оңалту кезеңінен өтеді. Дәрігерлер оның ашық бас сүйек-ми зақымын алғанын анықтады, көп қан жоғалтқан.
Өрт салдарынан Газель толығымен жанып кетті.