Спорт

Серена Уильямс оңбай ұтылды: қазақстандық теннисші алғаш рет жартылай финалға шықты

Қазақстандық теннисші Рыбакина бүгін түстен кейін ресейлік Анастасия Павлюченковамен кездеседі және ол осы турнирде ешкімге есе жібермей келеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина америкалық Серена Уильямсты екі сетте 6:3 және 7:5 есебімен жеңіп, алғаш рет "Ролан Гаррос"-тың жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

21 жастағы Рыбакина 39 жастағы Серена Уильямспен алғаш рет кездесті. Франциядағы ашық чемпионатта Елена 21-нөмірмен, ал Серена 7-нөмірмен өнер көрсетіп жатыр. Рыбакина – Серена Уильямсты жеңген алғашқы қазақстандық теннисші. Бұған дейін америкалық спортшы отандық теннисшілерді 14 рет қапы қалдырған. 

Енді Рыбакина ресейлік Анастасия Павлюченковамен кездеседі. Екеуі жұптық разрядта бірге ойнап жүр. Ресейлік теннисші 31-нөмірмен өнер көрсетеді. Төртінші айналымда Беларусияның өкілі Виктория Азаренконы (15-нөмір 5:7, 6:3 және 6:2 есебімен жеңген. Олардың кездесуі 2 сағат 9 минутқа жалғасты.

Ал Рыбакина Серена Уильямсқа дейін үш қарсыласын жеңген. Олар – француз Эльза Жакемо, жапондық Нао Химино және ресейлік тенисші Елена Веснина.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық оқушылар мектепте ұлттық спорт түрлерін меңгереді

Айта кетейік, осы кезге дейін ешкімге есе жібермеген Рыбакина бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де Павлюченковамен кездеседі.