НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым - Sputnik. Ақмола облысында 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті. Қайғылы жағдай Есіл аудандық ауруханасының фельдшерінің хабарламасынан кейін белгілі болды. Оқушы жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Оқи отырыңыз: Алматыда Сайран көліне батып қайтыс болған адам туралы ақпарат шықты
Ақпарат көзіне сәйкес, шамамен 15 адам моншаға түсіп, Қызылсу өзеніне шомылған. Суға түскен 2004 жылғы кәмелет жасқа толмаған бала қайтыс болды.
"Жасөспірімдердің кездесу жайында мектеп әкімшілігіне ескертпегені анықталды. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жасөспірімнің өлімі өкпеге кірген судың әсерінен механикалық тұншығу салдарынан болған", - деді Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция ата-аналарды жағажайлар мен су маңында балалар мен жасөспірімдерді қараусыз қалдырмауға, тыйым салынған жерлерде шомылмауға, жағалауда алкогольдік ішімдіктерден бас тартуға шақырады.