Ақын 222 жыл бұрын дүниеге келді, оның жазғаны әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Нұр-Сұлтанда ақынның туған күніне орай әдеби мереке өтті. Пушкиннің ескерткішіне Федор Достаевский шығармаларындағы кейіпкерлермен бірге келіп, өзінің ақын туралы әйгілі сөзін оқып берді.
Халықаралық орыс тілі күніне орайластырылған мерекені Нұр-Сұлтандағы Орыс үйі ұйымдастырды.
"Біз жастардың назарын аударғымыз келеді. Мереке халықаралық орыс тілі күніне арналған. Қазіргі уақытта орыс тілінде миллиондаған адам сөйлейді. Қазақстанда тілдің деңгейі өте жоғары", - деді ресейлік мәдениет және ғылым орталығының қызметкері Ольга Скальчук.