Қоғам

Актриса Сая Оразғалиева тұрмысқа шықты

Бұған дейін мамыр айында жас жұбайлар мешітте неке қидырған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым  – Sputnik. Қазақстандық актриса Сая Оразғалиева тұрмысқа шықты.

33 жастағы актрисаның жұбайының есімі – Ілияс Иминов. Той Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде өтті. Бұған дейін мамыр айында олар мешітте некесін қидырған болатын.

Жас жұбайлардың қуанышын бөлісуге келгендердің ішінде әншілер Луина, Кентал, Рано Омарова, актриса Жәния Журинская, тележүргізуші Марат Оралғазин бар.