НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым — Sputnik. Қазақстандық файтер Ринат Сағынтай (9-1) Минскіде өткен Brave CF 51 аралас жекпе-жек турнирінде өнер көрсетіп, кәсіби мансабында алғаш рет жеңіліп қалды, деп жазады Sports.kz.
Ол ММА бойынша Беларусь чемпионы Денис Магермен (8-0) жекпе-жекке шықты. Ешқашан жеңілмеген Магердің бұл кездесуде мысы басым болды. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа созылуға тиіс еді, бірақ біріншіде аяқталды. Магер Сағынтайды ауыр нокаутқа жіберді.
Осылайша, Ринат Сағынтай ММА-дегі кәсіби мансабында алғаш рет жеңілді.25 жастағы қазақстандық 2016 жылдан бастап жекпе-жекке шыға бастаған еді. Әрі бұл оның Brave CF промоушынындағы алғашқы кездесуі болды. Ал Денис Магер сегізінші жекпе-жегінде жеңіске жетіп, ешқашан жеңілмеген деген атағын сақтап қалды.