НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым — Sputnik. Ресейдің либералдық-демократиялық партиясының төрағасы Владимир Жириновский Петербургте өткен форумда қымыз құйып беруді талап етті, деп хабарлайды ufacitynews.ru.
Петербург халықаралық экономикалық форумында қызық жағдай болды. Владимир Жириновский форум аясында ашылған Башқұрстан көрмесіне келген. "Башспирт" зауытының өнімдері партия төрағасын қызықтырмаған. Ол қымыз құйып беруді сұрайды.
"Қымыз қайда? Қымыз қайда, жігітім? Келесі жолы қымыз міндетті түрде болсын", - деді Жириновский.
"Башспирт" қымыз шығармайды, бірақ кәсіпорын өкілдері Жириновскийге өз өнімінің бірнеше шөлмегін сыйға тартқан.
Оқи отырыңыз: Өкпе зақымданған кезде қымыз бен шұбат ішуге бола ма - дәрігер жауабы