Денсаулық

Бір тәулікте қанша қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Жиырма бес мыңға жуық қазақстандық коронавирустан емделіп жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым — Sputnik. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты.

Өткен тәулікте 15 қазақстандық коронавирустан және 7 адам пневмониядан қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Тағы 1 300-ден астам қазақстандық коронавирус жұқтырды

4 маусымдағы жағдай бойынша елде коронавирус жұқтырған 24 797  адам бар (24 069 КВИ+ және 728 КВИ-), оның ішінде 9 208 пациент стационарда, 15 589 пациент амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр.

КВИ+ және КВИ пациенттерінің арасында:

  • 572 науқас ауыр жағдайда,
  • 124 науқас өте ауыр жағдайда жатыр,
  • 75 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.