Денсаулық

Қан қысымының төмен болуы несімен қауіпті – дәрігер жауабы

Кейбір адамдардың қан қысымы 90/60 деңгейіне жеткен кезде бір шыны кофе ішсе жеткілікті, ал кейбіреулері бұл жағдайда ауруханаға баруға мәжбүр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Артериалық қысымның алғаш рет айтарлықтай төмендеуі дәрігерге қаралуға тұрарлық себеп, деп санайды кардиолог дәрігер Наталья Гаврилюк.

Оның айтуынша, 90/60 қан қысымы кейбір адамдар үшін қалыпты күй болуы мүмкін. Әсіресе, әлсіздеу қыз-келіншектер үшін.

Алайда бұрын-соңды қысымы төмендемеген адамдар үшін бұл көрсеткіш қауіпті болып саналады.

Оқи отырыңыз: Алғашқы медициналық көмекті қалай көрсету керек

Қысымның төмендеуімен бірге адамның бойынан суық тер жүріп, ентігіп, жүрек қағысы жиілесе әрі демікпе пайда болса, бұл белгілерге назар аудару қажет.

"Біз қиын жағдайлардың алдын алуға тырысу керекпіз. Мысалы, миокард инфарктісі, өкпе артериясының тромбоэмболиясы, жүрек соғуының өмірге қауіп төндіретіндей ырғағы, инсульт. Науқас тез арада ауруханаға жеткізілуі керек. Мейлінше тез жеткізілсе, соғұрлым жақсы болады", - деп түсіндірді Гаврилюк "Бесінші арнаға" берген сұхбатында.

Еске салсақ, 120/80 қысымы оңтайлы көрсеткіш болса, 130/80  аралығы қалыпты қысым саналады.