Әлем

Мексикада жер опырылып үлкен шұңқыр пайда болды – видео

Шұңқырдың тереңдігі 20 метр, ал диаметрі 60 метрді құрайды. Іші суға толған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Өткен сенбі Мексиканың Пуэбла штатында фермерлік алаңда үлкен шұңқыр пайда болды. Ол күннен күнге кеңейіп, жақын маңдағы үйге қауіп төндірген, деп жазды CNN.

Бастапқыда жердегі шұңқырдың диаметрі 5 метр болды, бірақ аз уақыт ішінде алпысқа дейін жеткен. Үлкен шұңқырдың іші суға толған.

Сол маңда тұратын фермерлер отбасы қауіпсіз жерге көшірілді.

Биліктің мәліметінше, мұндай құбылысқа топырақты шайып кеткен жерасты сулары себеп болған.