НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында жеңіл көлік жылқыларға соғылып, салдарынан үш адам ажал құшты, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Қайғылы оқиға Орал-Атырау тас жолының 75 шақырымында түнгі он бір шамасында болған.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, ВАЗ-21113 автокөлігі екі жылқыға соғылған.
Салдарынан 54 жастағы жүргізуші, оның 85 жастағы әкесі мен 13 жастағы бала оқиға орнында көз жұмды.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Мал иесі әзірге анықталған жоқ.
Полиция департаментінің мәліметінше, көп жағдайда мұндай трагедияларға жол жиегінде жайылып жүрген малдар себепші болады.