НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Қарағанды тұрғындары Балаларды қорғау күні демалыс саябағындағы тегін аттракционның жанында төбелес шығарды.
Әйелдер кімнің баласы карусельде айналатынын "шешіп" жатқан сәтті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Роликтен аттракционның жанына көп адам жиналғанын көруге болады.
Оқи отырыңыз: Орал тұрғыны дүкендегі әйелдердің төбелесін видеоға түсіріп алды
Кейінірек қалалық әкімдік болған жағдайға түсініктеме берді.
"Орталық саябақта тұрғындардың карантиндік нормаларды сақтамауына байланысты "Мәдениет және демалыс саябақтары басқармасы" КМҚК басшылығы аумақта орналасқан аттракциондар мен бизнес нысандарының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Әкімдік сонымен қатар қала тұрғындарын бұл шараға түсіністікпен қарауға шақырды.