Спорт

Жүкембаев бокстан уақытша шеттетілді

Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы қазақстандық боксшыға 2021 жылдың 13 шілдесіне дейін рингке шығуға тыйым салды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Батыр Жүкембаев (18-1-0, 14 KO) бокстан уақытша шеттетілді, деп хабарлады Prosports.kz.

Ол 30 мамырда АҚШ-тың Карсон қаласында өткен бокс кешіне қатысып, онда Пуэрто-Риконың өкілі Сабриэль Матиаспен (17-1-0, 17 KO) жұдырықтасқан болатын. 12 раундқа есептелген кездесу сегізінші раундта аяқталды. Батырдың бапкерлері жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Оқи отырыңыз: Жеңілмеген өзбек боксшысы нокаутшы Жүкембаевты жекпе-жекке шақырды 

Жекпе-жектен кейін Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы екі боксшыны да жекпе-жектен уақытша шеттетті: Жүкембаевқа рингке шығуға 2021 жылдың 13 шілдесіне дейін, ал Матиасқа 5 маусымға дейін тыйым салынды.