Видео

Нұр-Сұлтан саябағындағы дүрлікпе: жағажайдың ашылуы және тегін аттракциондар – видео

Балаларды қорғау күні елорданың орталық саябағында түске дейін мерекенің құрметіне аттракциондар тегін жұмыс істеді. Сонымен қатар Нұр-Сұлтанда шомылу маусымы ресми түрде ашылды
Sputnik

Жағажайда демалуды және суға түсуді сағынған кез келген адам елорданың орталық саябағында демала алады. Орталық жағажай осы жерде орналасқан – ол қаладағы шомылуға рұқсат етілген үш орынның бірі.

Мұнда алғашқы демалушылар Балаларды қорғау күні келді. Жағажайда күнқағарлар, киім ауыстыратын бөлмелер, құтқару қалқандары орнатылды.

"Біз құм дайындап, аумақты тазарттық. Өткен жылы коронавирус пандемиясына байланысты жағажай ашылмады. Биыл жұмыс көп болды, бірақ уақытында ашып үлгердік. Жағажай апта бойы жұмыс істейді, тек дүйсенбі тазалық күні болады, өйткені демалыс күндерінен кейін қоқыс көп жиналады. Маусым тамыздың соңына дейін созылады. Кіру кезінде шектеулер болады – 50%", - деді Sputnik Қазақстанға жағажай директоры Ерболат Бақытжанұлы.

Жағажай таңертеңгі сағат 10-нан кешкі 19-ға дейін ашық, ересектерге кіру - 500 теңге, балалар үшін - 200 теңге. Құтқарушылар астаналықтарды суда шомылу ережесін сақтауға шақырды.

Балаларды қорғау күні орталық қалалық саябақта не болғанын Sputnik Қазақстан видеосынан көріңіз.