НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің төрағасы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Алик Айдарбаевты қабылдады, деп хабарлайды Елбасы сайты.
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлттық компанияның 2020 жылғы жұмысының нәтижесі мен қазіргі қызметі туралы ақпарат берілді.
"Өткен жыл бәріміз үшін сынаққа толы болды. Пандемия экономикаға кері әсерін тигізді. Сонымен қатар мұнай бағасы төмендеді. Көптеген компаниялар қиындыққа тап болды. Қазір жағдай біртіндеп қалпына келіп жатыр", – деді Назарбаев.
Алик Айдарбаев дағдарысқа қарамастан ұлттық компания қаржылық тұрақтылықты сақтап қалғанын және қазір пандемияға дейінгі көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жұмыс істеп жатқанын баяндады.
Оқи отырыңыз: Әлия Назарбаева биыл күзде алғашқы кітабы жарық көретінін хабарлады
Сондай-ақ кездесуде "Қазмұнайгаз" компаниясы жүзеге асырып жатқан ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар туралы айтылды.