Елорда тынысы

Нұр-Сұлтандағы аудандардың бірінде түнде су тоқтатылады

Байқоңыр ауданындағы бірнеше көшеде 2 маусым күні 21:30-дан 3 маусым 09:00-ге дейін ауыз су болмайды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданындағы бірнеше көшеде 2 маусым күні кешке ауыз су тоқтатылады, деп хабарлады "Астана су арнасы" МКК баспасөз қызметі.

"ЖЭО-1 мен өндірістік аймақта ауыз су құбырындағы қысым реттегішті демонтаждау жүргізіледі. Осыған байланысты Байқоңыр ауданындағы бірнеше көшеде (Өндіріс, Кирпичный тұрғын алаптарында, Пушкин көшесінде, 69 көшесінде, Алаш тас жолы және Әл-Фараби даңғылында, ЖЭО-1) ауыз су беру 2 маусым күні 21:30-дан 3 маусым 09:00-ге дейін тоқтатылады", - делінген "Астана су арнасының" хабарламасында.

3 маусым күні сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін су құбыры желілерін іске қосу жұмыстарына байланысты су төмендетілген қысымда беріледі.

Сонымен қатар "Астана су арнасы" уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, ауыз суды жеткілікті мөлшерде құйып алу қажеттігін ескертті.