Қоғам

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт төмендеді

Науқастардың саны жағынан бұрынғыша Қарағанды ​​облысы көш бастап тұр, мұнда бір күнде 259 адамнан вирус анықталған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1 123 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Айта кетейік, бір күн бұрын 1 405 науқас тіркелген болатын.

Өңірлер бойынша мәлімет:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 142,
  • Алматы қаласы - 195,
  • Шымкент қаласы - 20,
  • Ақмола облысы - 79,
  • Ақтөбе облысы - 11,
  • Алматы облысы - 60,
  • Атырау облысы - 30,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 71,
  • Жамбыл облысы - 29,
  • Батыс Қазақстан облысы - 56,
  • Қарағанды облысы - 259,
  • Қостанай облысы - 40,
  • Қызылорда облысы - 9,
  • Маңғыстау облысы - 8,
  • Павлодар облысы - 60,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 41,
  • Түркістан облысы - 13.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 387 672.