Видео

Ерекше балалар сәнді киімдермен сахна төріне шықты – видео

Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жетім балалар қатысқан сәнді киімдердің қайырымдылық көрсетілімі қалай өткенін мына видеодан көріңіз
Sputnik

"Цветные сны" қайырымдылық инклюзивті марафоны Беларусь астанасы Минск қаласында өтті. 250-ден астам ерекше қажеттіліктері бар балалар мінберге шығып, өзін модель ретінде сезінді.

Видеодан сәнді көйлек киген қыздар мен жігіттер сахнаға шыққанын көруге болады. Дегенмен олардың көпшілігі үшін мұны істеу қиынға соқты.

Кейбір балалар үшін залда арнайы көмекшілер жұмыс істеді, олар қимылмен қай бағытты айналып, қай қолды көтеріп, қай кезде тағзым ету керектігін көрсетіп тұрды. Сурдоаудармашылар ән мәтінін түсінуге көмектесті.

"Балалар шатаспау үшін интернаттардың мұғалімдері олармен дайындық жасады, содан кейін сахнаға шығардан бірнеше сағат бұрын кәсіби режиссерлер мен хореографтар жұмыс істеді. Оған қоса мұндай еңбекқор әрі жауапкершілікті сезінетін оқушыларды іздеп табу керек", - деп жазды Sputnik Беларусь.

Беларусьтың танымал дизайнерлер ерекше балаларға арналған костюмдер мен көйлектерді бірнеше жылдан бері тігеді.

Балалар сән көретіліміне елдің әр түкпірінен келді, бұл шара олар үшін өте қызықты және әдемі мерекеге айналды.

Естеріңізге сала кетейік, 1 маусымда Қазақстанда балаларды қорғау күні аталып өтеді.