Өңірлер

Қарағанды облысында бір жылқыны екі көлік қағып кетті – зардап шеккендер бар

Жол апаты кезінде "Мазда" көлігінде отырған 6 жасар бала жарақат алды. Оны дереу медициналық мекемеге жеткізді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр — Sputnik. Нұр-Сұлтан – Қарағанды тасжолында бір жылқыны екі бірдей көлік қағып кетті. Зардап шеккен 6 жасар баланы ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты 29 мамырда Теміртауға жақын жерде болған. Түнгі уақытта Қарағанды қаласына бара жатқан "Тойота" жүргізушісі жолға шығып кеткен жылқыны қағып өткен.

Жылқыны қағып кеткен: Алматы – Өскемен тас жолында жас әйел көз жұмды

"Жылқы шетке қарай ұшып түскен. Сол жерде оны "Мазданың" 57 жастағы жүргізушісі қаққан. Сосын жол жиегінде тоқтап тұрған "Фольксваген"  автокөлігіне соғылған", - дейді полицейлер. 

Жол апаты кезінде "Мазда" көлігінде отырған 6 жасар бала зардап шекті. Оны дереу медициналық мекемеге жеткізді. 

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады. Жылқының иесі де жазаға тартылады.