НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1405 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Айта кетейік, бір күн бұрын 1549 науқас тіркелген болатын.
Өңірлер бойынша мәлімет:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 172,
- Алматы қаласы - 230,
- Шымкент қаласы - 39,
- Ақмола облысы - 80,
- Ақтөбе облысы - 32,
- Алматы облысы - 89,
- Атырау облысы - 49,
- Шығыс Қазақстан облысы - 79,
- Жамбыл облысы - 24,
- Батыс Қазақстан облысы - 75,
- Қарағанды облысы - 323,
- Қостанай облысы - 41,
- Қызылорда облысы - 15,
- Маңғыстау облысы - 36,
- Павлодар облысы - 65,
- Солтүстік Қазақстан облысы - 40,
- Түркістан облысы - 16.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 386 549.