НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қарағанды облысында әскери бөлімдердің бірінде келісімшарт бойынша істейтін әскери қызметші велосипедшіні қағып кетті.
Жол апаты Саранда 27 мамырға қараған түні болды. Әскери қызметші қызметтесіне тиесілі автокөліктің рөлінде отырған, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Жексенбі, 30 мамырда жәбірленуші алған жарақатынан көз жұмды.
Алдын ала тексеріс бойынша велосипедші алдындағы көлікті басып озамын деп қарсы бетке шыққан, деп нақтылады министрлік. Кейін көлікпен соқтығысқан.
Оқиға орнына полицейлер мен жедел жәрдем бригадасы келді. Жүргізуші жол апаты кезінде мас болмаған, деп толықтырды ведомстводағылар.
Тағы оқыңыз: "Жол апатынан 14 оқушы қайтыс болды": желіде тараған видеоның мән-жайы анықталды
Әскери қызметшінің кінәлі немесе кінәсіздігін тергеу анықтайды, деп атап өтті министрлік.
Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға іс Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, жол жүрісі ережелерін бұзу" бойынша ауыстырылатынын мәлімдеді.
Бұл бап бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.