Өңірлер

Павлодар тас жолында жүк көлігі аударылып қалды - видео

Жол апатына кінәлі Волга жүргізушісі емделіп шыққаннан кейін жауапқа тартылады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр - Sputnik. Ақсу қаласы маңындағы тас жолда жол ережесін бұзған "Волга" автокөлігінің кесірінен КамАЗ жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты 30 мамыр күні кешке Павлодар облысы Ақсу қаласының маңындағы Нұр-Сұлтан-Өскемен тас жолында болды.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері "Камаз-5320" басты жолмен, ал "Волга" автокөлігі екінші жолмен келе жатқанын анықтады.

67 жастағы жеңіл автокөлік жүргізушісі жүк көлігіне жол бермей, төтенше жағдай туғызды. Жүк көлігінің жүргізушісі соқтығысудың алдын алу үшін қарсы жолаққа шығып кетіп, аударылып қалған.

Салдарынан "Волга" автокөлігінің жүргізушісі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында бір жылқыны екі көлік қағып кетті – зардап шеккендер бар

Полиция жүргізуші емделіп шыққанан кейін оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 610-бабының 1-бөлігіне сәйкес (Көлiк құралдарының бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы) әкімшілік іс қозғалатынын атап өтті. Бұл бап бойынша жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу немесе алты айға дейінгі мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сондай-ақ жүк көлігінің жүргізушісіне келтірілген материалдық шығынды өтеу мәселесі жол-көлік оқиғасына қатысушылар арасында азаматтық тәртіпте шешіледі, деді полициядағылар.