НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр — Sputnik. Орал тұрғыны үйлену үшін қалыңдығына ерекше ұсыныс жасады. Оған әлеуметтік желі қолданушыларының бірі куә болған.
Жергілікті "Мой город" порталы жазғандай, желіде жарияланған сурет 29 мамырда түсірілген. Автор Абай даңғылының бойымен көлікпен кетіп бара жатқанда өзгеше үш автокөлікті байқап қалғанын жазған.
Үш көліктің артқы терезесінде жазу жазылған: біріншісінде – "Выходи", екіншісінде – " за меня", үшіншісінде " замуж". Одан кейін куәгер мен әлгі көліктің жолдары қақ айырылған.
"Осындай ерекше әдіс арқылы батыл қадамға барған жігіттің бұл ұсынысына бойжеткен келісті ме екен, сол қызық болып тұр", - деп сауал қойды сурет авторы.