Қоғам

Мемлекетке 200 миллион теңге шығын келтірген қылмыстық топ ұсталды

Қылмыстық топ қаржыны аудару үшін сегіз жалған фирма құрған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр - Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Қарағандыда үш жылдан бері әрекет еткен қылмыстық топтың жолын кесті.

Осы уақыт аралығында алты адамнан құралған қылмыстық топ шамамен 2 миллиард теңгені (4,6 миллион доллар) қолма-қол ақшаға айналдырды. Олар қолма-қол ақшаны жымқыру мақсатында сегіз жалған компания ашқан.

Оқи отырыңыз: "Қазпошта" қызметкерлері 33 миллион теңге жымқырды

Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке төленбеген салық түрінде шамамен 200 миллион теңге көлемінде залал келтірілді.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды, топтың ұйымдастырушысы және сыбайластарының бірі қамауға алынды.