Мәскеуде тірі орхидея гүлінен сәнді көйлек тігіліп, көрермендер назарына ұсынылды. Сарапшылар оның бағасы 80 мың АҚШ долларынан асатынын айтып отыр.
Айрықша сәнді көйлектің авторы – флорист Наталья Слупская. Видеода ол көйлектің жасалу процесі ұқыптылықты қажет ететін және өте нәзік жұмыс екенін атап өтті.
"Гүлдер мұқият дайындалып, өңделді. Оның үстіне, бұл "зергерлік" туынды. Өйткені сызық бойымен тізіп тігу арқылы көлем жасау керек болды. Ал ондай жұмыс бізге оңайға түскен жоқ", – дейді ол.
Оқи отырыңыз: Қош бол, мектеп! Ұстазға арналған гүл шоғын жинау әдісі – видео
Арнайы пішілген тыс матаға тірі орхидеялардың бес мыңнан астам шоғы қолмен тігілген.
Натальяға алты адамнан тұратын топ көмектескен.