Өңірлер

Екібастұзда жоғалған жасөспірімдердің мәйіті табылды

Көз жұмған бозбалалар Екібастұз суайдынындағы "жабайы" жағажайда шомылған
Sputnik

ПАВЛОДАР, 30 мамыр – Sputnik. Екібастұздың шомылуға рұқсат етілмеген суайдынында кешеден бері іздестірілген екі мектеп оқушысының денесі табылды. Бұл туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

29 мамырда сағат 20.55-те шомылуға рұқсат етілмеген "Сковородка" суайдынының жанынан екі жасөспірімнің заттары табылғаны хабарланды. Жоғалғандар – 2005 жылы туған ұл балалар, Екібастұз қаласындағы №9 мектептің оқушылары.

Екібастұзда жоғалған жасөспірімдердің мәйіті табылды

Сол күні іздеу нәтижесіз аяқталды, себебі қараңғыда ештеңе көрінбеген. 30 мамырда сағат 06.30-да оқиға орнына қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері барды.

Сағат 11.20-да полиция қызметкерлері балалардың заттары Екібастұздан 5 шақырым жерде, су тазарту қондырғысы мен 19-шағынаудан арасында орналасқан басқа рұқсат етілмеген суайдыннан табылды деп хабарлаған куәгерлерді әкелді.

Сүңгуірлер сол жерге жіберілді, олар мұнда іздеу жұмыстарын сағат 11.40 минутта бастады. 20 минуттан кейін қимылсыз жатқан екі дене табылды.

Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті облыста шомылу маусымы жабық екенін тағы бір рет еске салды. Осыған байланысты ата-аналарды жазғы демалыста балаларын бақылауға шақырды.