Видео

Bus Lane-мен жүруге рұқсат берілмек: қазақстандықтар бұл туралы не ойлайды - видео

Сәуір айында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев автобустарға арналған жолақтарды қарбалас болмаған уақытта және демалыс күндері пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырған болатын
Sputnik

Үкімет бір айдың ішінде арнайы қаулыны дайындап, мамырдың аяғына дейін халықтың талқысына шығарды. Осы құжатқа сәйкес, жұмыс күндері кептеліс көп болатын уақытта, яғни таңғы сағат 07.30-дан 9.30-ға дейін, сондай-ақ кешкі 17.00-ден 20.00-ға дейін автобус жолағымен тек қоғамдық көліктер ғана жүреді. Ал қалған уақытта және демалыс күндері басқа көліктер емін-еркін жүре алады. Sputnik Қазақстан тілшісі астаналық жүргізушілер мен автобус жолаушыларының осы өзгеріске қатысты ойын білді.