Өңірлер

Қырық градус ыстық болады – ертеңге ауа райы болжамы

30 мамырда Қазақстанның батысында ауа температурасы 38-40 градусқа дейін көтеріледі деп болжанып отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Ертең, 30 мамыр күндіз республиканың басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста бұршақ түседі. Кей жерлерде жел күшейіп, солтүстік пен оңтүстік-батыста тұман түседі.

Өңірлердегі ауа райы

30 мамырда Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстыққа байланысты дабылды ескерту жарияланды.

Батыс Қазақстан облысында бұл күні +35 градус ыстық болады, найзағай ойнайды. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Орал қаласында да найзағай күтілуде.

Ақтөбе облысында кей жерлерде найзағай болжанып отыр, желдің екпіні күндіз 15-20 м/с дейін барады. Облыстың оңтүстігінде ауа температурасы 37 градусқа дейін жоғарылайды.

Ақмола облысында да күндіз аптап ыстық болады – сынап бағанасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрді құрайды.

Күндіз Қарағанды облысының кей аумағында 38 градус ыстық болады.

Маңғыстау облысында температура 38-40 градусқа дейін барады деп болжануда. Бұған қоса, найзағай жарқылдап, тұман түседі.

Тағы оқыңыз: Ғалымдар алапат зілзаланың жақындап қалғанын ескертті

Қостанай облысында күндіз 35 градусқа дейін ыстық болады, кей жерлерде найзағай ойнап, жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда күндіз және түнде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Күндіз температура +31+33 градусқа дейін жетеді, түнде – плюс 15 – плюс 17 градус жылы.

Алматыда да күн ашық, көшпелі бұлт шығады. Күндіз температура – +28+30 градус, түнде – плюс 16 - плюс 18 градус.

Шымкентте күндіз +34 +36 градус ыстық, түнде – плюс 18 плюс 20 градус жылы. Ауа райы жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт шығады деп болжанып отыр.