Денсаулық

Қазақстанда бір тәулікте 1700-ден астам адамнан коронавирус табылды

Науқастардың саны жағынан бұрынғыша Қарағанды ​​облысы, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары көш бастап тұр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1747 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Айта кетейік, бір күн бұрын 1849 науқас тіркелген болатын.

Өңірлер бойынша мәлімет:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 246,
  • Алматы қаласы - 279,
  • Шымкент қаласы - 63,
  • Ақмола облысы - 127,
  • Ақтөбе облысы - 53,
  • Алматы облысы - 97,
  • Атырау облысы - 85,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 95,
  • Жамбыл облысы - 17,
  • Батыс Қазақстан облысы - 95,
  • Қарағанды облысы - 324,
  • Қостанай облысы - 42,
  • Қызылорда облысы - 13,
  • Маңғыстау облысы - 42,
  • Павлодар облысы - 105,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 40,
  • Түркістан облысы - 24.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 381 907.