Денсаулық

Коронавирустан қайтыс болғандардың саны жарияланды

12 мыңға жуық пациент стационарда ем қабылдап жатыр, оның ішінде 700-дей адам ауыр жағдайда  
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі бір тәуліктің ішінде коронавирустан қайтыс болған адамдардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, 27 мамырдағы жағдай бойынша бір тәуліктің ішінде коронавирустық инфекциядан 23 адам қайтыс болды.

Қазір республика бойынша 30 872 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 11 724 пациент стационарда, 19 148 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысы "жасыл" аймаққа қайта оралды

КВИ+ және КВИ пациенттерінің арасында:

  • 682 науқас ауыр жағдайда,
  • 166 науқас өте ауыр жағдайда жатыр,
  • 100 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.