Денсаулық

Дәрігер инсульттің алдын алудың бес жолын атады

Александр Мясников атаған барлық фактор әдетте салауатты өмір салтын ұстанатындарға тән
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр - Sputnik. Ресейлік дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников инфаркттың алдын алудың бес негізгі әдісін атады.

Оның айтуынша, "инсульт ұстамаға дейін бірнеше уақыт бұрын басталады". Инсульттің алдын алу үшін негізгі бес шартты ұстанған абзал. Қан қысымын, холестерин мен қант деңгейін, дене салмағын қалыпты ұстап, темекіні тастау керек.

Дәрігер инсульттің екі түрі бар екенін айтады, ишемиялық және геморрагиялық. Ишемиялық инсульт оттегінің жетіспеушілігі нәтижесінде пайда болады, 80% жағдайда кездеседі. Оның негізгі себебі түйіншектердің бітелуі мен эмболия.

"Жүрек соғуының ырғақсыздығы қанның ұюына әкелуі мүмкін. Ол миға барып, тамырдың бітелуіне әкеледі", - деді Мясников "Россия1" телеарнасының эфирінде.

"Жедел жәрдем" деп аталып кеткен негізгі дәрілерді үнемі қабылдау гипотензия тудыруы мүмкін. Ал ол өз кезегінде аурудың даму қаупінің факторы болып саналады.

Оқи отырыңыз: Ми қан айналымының бұзылуы: емдеу және алдын алу

Геморрагиялық инсульт 20% жағдайда кездеседі және тамырдың  жарылуы салдарынан болады. Бұл ишемияға қарағанда қауіпті. Оның пайда болуының негізгі себептері - қанды сұйылтатын дәрі қабылдау және аневризманың жарылуы.

Инсульт – ми қан айналымының бұзылуымен байланысты ауру, нәтижесінде мидың белгілі бір бөлігіндегі қан айналымы төмендейді немесе толығымен тоқтайды.