НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов "Жетісу" командасының жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінгі таңда футбол командасында легионерлер азайған. Қазір "Жетісуда" Талдырқорғанда өскен қарапайым қазақтың балалары ойнайды.
"Бірінші ойындарда бәрінен ұтылып еді. Қазір қатарынан екі ойында ұтты. Үшінші ойында жеңеміз деп жатыр. Басында тәжірибе жетіспейтін, қазір үйренді. Ең бастысы, намыс, команданың намысы бар", – деді Баталов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Аймақ басшысының айтуынша, клубтың бюджеті 1 миллиард теңгеден асады.
"Осы жолы чемпион болмайсыңдар дедім. Өйткені тәжірибе жинау керек. Оған уақыт қажет. Ең бастысы, премьер-лигада қалу керек. 7-ші бола ма, 8-ші бола ма, ал келесі жылы мен нақты нәтижені талап етемін. Өзім спортпен көп айналыстым ғой. Бірінші жылы үйренсін, ал келесі жылы нәтиже көрсетіңдер деймін", – деп атап көрсетті Баталов.
Оқи отырыңыз: Павлодар әкімдігі жаңа футбол клубының тек қағаз жүзінде бар екенін хабарлады