НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Ақмола облысында елордаға жақын маңда екі сегіз жасар бала суға батып кетті.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Аршалы аудандық полициясының кезекші бөлімінен №42 разъезд станциясы маңында белгісіз жағдайда екі бала суға батып кеткені туралы телефон хабарламасы түскен.
Соңғы қоңырау қайғылы оқиғамен аяқталды: Қазақстанда екі түлек көз жұмды
"Оқиға орнына келген кезде № 42 разъезд станциясынан 200 метр қашықтықта су басқан учаскеде сегіз жасар екі бала – 1-сынып оқушылары суға батып кеткені анықталды. Мән-жайды анықтау кезінде көз жұмған баланың әкесі үш бала ата-анасына айтпай, шомылуға шығып кеткенін хабарлады. Сағат 16:30 шамасында кіші ұл үйге жүгіріп келіп, әкесіне екі ағасы көмек сұрап жатқанын айтқан. Сағат 16:55-те әкесі қимылсыз жатқан баласын судан шығарып алған", - деп хабарлады полиция.
Кейінірек, сағат 18:34-те Нұр-Сұлтан төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері екінші баланың денесін шығарды.
Аршалы ауданының полиция қызметкерлері сот-медициналық сараптама тағайындады.