Қоғам

Өткен тәулікте 1849 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

Науқастардың саны жағынан тағы да Қарағанды ​​облысы көш бастады, мұнда бір тәулікте 320 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР тестпен расталды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1849 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Айта кетейік, бір күн бұрын 1739 науқас тіркелген болатын.

Өңірлер бойынша мәлімет:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 297,
  • Алматы қаласы - 290,
  • Шымкент қаласы - 91,
  • Ақмола облысы - 129,
  • Ақтөбе облысы - 64,
  • Алматы облысы - 90,
  • Атырау облысы - 75,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 80,
  • Жамбыл облысы - 32,
  • Батыс Қазақстан облысы - 98,
  • Қарағанды облысы - 320,
  • Қостанай облысы - 41,
  • Қызылорда облысы - 21,
  • Маңғыстау облысы - 47,
  • Павлодар облысы - 97,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 38,
  • Түркістан облысы - 39.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 380 160.