Фото

Қасқыр, есек, тотықұс: ерекше безендірілген Алматының көрікті аулалары - фото

Sputnik

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауланы әсемдеп, демалыс бұрышын ұйымдастыруда бір адамның ой-қиялы емес, бүтіндей ұжымдық еңбек жатқанын айтуда.

Қолға түскен кез келген материалды, соның ішінде тұрмыстық қалдықтарды да кәдеге жаратып, шығармашылықты оңтайлы пайдаланған бұл аулалар көптің көзін тойдырар көрікті орынға айналған.

Оқи отырыңыз: Алматы маңындағы қыр дала гүліне толды – фото

Бұл іске әр тұрғын өз үлесін қоса алады: бірі дайын мүсіндерді сатып алып, ортақ "қорға" тапсырса, бос уақыты көп зейнеткерлер барлық істі өз қолдарымен тындырғанды хош көреді.

Пластик бөтелке, ескірген автокөлік дөңгелегі секілді қоқыс затты нағыз атрибутқа айналдыру бұл жағдайда жиі кездесіп жатады. Тек оны дұрыс пайдаланса болғаны. Олардың кейбірі таңғаларлықтай өзгеріп, жануарлар мүсініне, гүл отырғызатын орынға және ертегі кейіпкерлеріне айналған.

1 / 24
Бұл Алматының Сайран шағын ауданындағы №3 үйдің ауласы. Жаңа бұталар шыға бастаған ескі ағаш түбірін ертегі қорғанына айналдырған.
2 / 24
Аула жобасы авторларының негізгі идеясы – қаладағы қарбалас тіршілікке өзгеше рең беріп, ауыл өмірінің бір бөлігін бейнелеу. Экспозиция ортасында – аң-құсты үркітуге арналған бау-бақша қорықшысы. Алайда мына қорықшы өткен-кеткенді қорқыта алмайды. Себебі ол тым сүйкімді көрінеді.
3 / 24
Ал мұнда аспалы құдық жанында ағаш шелек орналасқан. Осы көріністі тіріліп кетердей шынайы әтеш мүсіні бақылап тұр.
4 / 24
Айналасын көк шөп көмкерген суат та бар. Мұндағы жасыл желектің кейбірі Алматы тауларынан жеткізілген. Ал судың орнына тастарды көк түсті сырмен бояп қойған. Тұрғындар аулада маса қаптағанын қаламаса керек.
5 / 24
Алматының төртінші шағын ауданындағы №16 үйдің тұрғындары шарбақтарды түрлі-түсті қарындаштарға айналдырып, айналаны көңілді реңге бөлеген.
6 / 24
Бұл жағдайда идея авторлары балалардың қалауын ескеріп, шарбақ ортасына үйшік пен құм орналастырған.
7 / 24
Балалар бұл үйшікті "дүкен" ойынын ойнағанда қолданатын сияқты.
8 / 24
Алматының Жетісу ауданындағы Ратушный көшесінің №100 үйінің ауласы бірнеше жыл ішінде нағыз қолөнер туындысына айналды.
9 / 24
Тұрғындар гүлзарлардың бірінде шағын суат жасақтаған. Себебі күн жылынғаннан аяз түскенге дейін мұнда су лалагүлі мен лотос өседі.
10 / 24
Бұдан басқа мұнда диірмен де бар. Бұл диірменнің қолдан жасалғанына көз жеткізу үшін оған зер сала қарау жеткілікті: автор ескі тақтайлар мен басқа да материалды қолданып, оны бір-біріне сәйкестендіре орналастырған.
11 / 24
Диірменнен сәл әріректе құдық жатыр. Құдықтың маңдайына ілінген сағат тілі тура уақытты көрсетеді.
12 / 24
Дәл осы Ратушный көшесіндегі үйдің ауласында сәндік материал ретінде әдетте қоқысқа лақтырылатын заттар қолданылған. Мысалы, автокөліктің ескірген дөңгелегі.
13 / 24
Орталық гүлзар тасты төбешікпен сәнделіп, оның айналасында итмұрын өсіп тұр. Бұл жерді екі күшік күзетеді.
14 / 24
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл жерге келушілерге есік әркез ашық. Тек келушілер тазалықты сақтап, мұндағы дүниелерге қамқорлықпен қараса болғаны.
15 / 24
Алматылықтар құстарды да ұмытпаған. Қураған ағаштың бұтағына үйшік орнатып, қос қанаттылар үшін қамқорлық танытқан. Тұрғындардың сөзіне сенсек, құстар мұнда бірнеше рет балапан басып шығарған.
16 / 24
Ратушный көшесіндегі №100 үйдің тұрғындарына қызыға да қызғана қарауға болады. Олар шыны бөтелкелер мен пластик қақпақтарды да кәдеге жаратқан.
17 / 24
Шыны бөтелкелер ақшыл тастың айналасында күн экспозициясын құрастырып тұр.
18 / 24
Алматының Бостандық ауданындағы Айманов көшесінің №68 үйіндегі тұрғындар да ратушныйлықтардан үлгі алған секілді. Мына бір алқызыл қоқиқаздар таңдай қақтырмай қоймайды!
19 / 24
Олар өз фантазияларына ерік беріп, қолға түскен әр затты пайдаға асырған.
20 / 24
Кейбір ағаштар құстарға арналған ерекше үйшіктермен әсемделген. Олар әсіресе күн суығанда аса қажет.
21 / 24
Кеңестік танымал мультфильмдегі қасқыр өз кейіпкерінің жаттанды сөздерін еріксіз еске түсіреді.
22 / 24
Орыс ертегісіндегі кейіпкер – Горыныч Айдаһар толығымен пластиктен құрастырылған. Бұл қолының ебі бар адам кез келген қоқысты өнер туындысына айналдыра алатындығының айқын дәлелі.
23 / 24
Осы аумақтағы экзотикалық бұрышта тотықұстар тобы тынығып отыр. Бұл құстар да пластик бөтелкелерді әдемілеп қию және түрлі-түсті етіп сырлау арқылы дайындалған.
24 / 24
Ал мына бір аса көңілді есек езу тартқызбай қоймайды. Танымал "Шрек" мультфилміндегі мылжың кейіпкер осы жануардың прототипі болса керек.