НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр - Sputnik. Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жаңартылды. Батыс Қазақстан облысы коронавирустың "қызыл" аймағынан "сарыға" өтті.
Сонымен қатар "сары" аймақта орналасқан екі өңір - Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысы "жасыл" аймаққа ауысты.
Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты статистиканы жаңартты
Қазіргі таңда Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы мынадай:
- "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Ақмола, Атырау, Қарағанды облыстары.
- "сары" аймақта: Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.
- "жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары.