Фото

Istanbul Photo Awards-2021 фотобайқауы: қандай сурет жеңімпаз атанды – фото

Sputnik

Istanbul Photo Awards-2021 халықаралық байқауы дәстүрлі іс-шараға айналды. Осы жылы ол жетінші рет өткізіліп отыр. Бұл айтулы шараға бүкіл әлемнің фотографтары қатысты.

Байқаудың басты мақсаты – ақпараттық суреттер саласына өз үлесін қосып, түрлі мәдениет ортасындағы аймақтың айрықша жай-ахуалымен қалыптасқан дүниелерді ұсыну.

Жыл сайын әлем бойынша танымал суреттер байқауына жүздеген елдің фотографтары өз туындыларын жолдауда.

Оқи отырыңыз: Суреттер сөйлейді: All About Photo Awards 2021 байқауының жеңімпаздары – фото

Осы жолы байқауға қатысу үшін 2020 жылы түсірілген суреттерді жолдау керек болды. Бұл суреттер өткен жылы әлемде болған жағдайларды айрықша сипаттай алуы керек.

Қазылар алқасы "Жаңалықтар", "Спорт", "Өмір", "Портреттер" номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтады.

Бангладештік Мохаммед Шаджахан "Ана махаббаты" атты жұмысымен "Жыл фотографы" номинациясын иеленді. Бұл сурет коронавирус пандемиясы әлемді аяғынан тік тұрғызған кезеңді әсерлі етіп бейнелеген.

Өзекті тақырыптар қатарында босқындар мен табиғи апаттар проблемасы да бар.

Istanbul Photo Awards-2021 байқауының бойыңызда айрықша сезім тудыра алатын жеңімпаз-суреттерін төмендегі материалдан көріңіз.

1 / 14
"Ана махаббаты" суреті, авторы – Бангладеш азаматы Мохаммед Шаджахан. Ол Istanbul Photo Awards 2021 байқауының "Жеке жаңалықтар" санатында алғашқы болды.
2 / 14
Сальвадорлық Юрий Кортездің "Күзет қарауындағы қылмыскер бандасы" суреті байқауда "Жеке жаңалықтар" санатында екінші орынды иеленді.
3 / 14
"Босқындар лагеріндегі өрттен бас сауғалау сәті" атты сурет. Греция атынан байқауға қатысқан фотограф Петрос Гианнакуристың бұл туындысы "Жеке жаңалықтар" санатында үшінші орынға лайық деп танылды.
4 / 14
Чех фотографы Роман Вондроуш байқауға "Covid дәуіріндегі адал фанаттар" атты фото ұсынды. Оның бұл жұмысы "Спорттың жеке түрлерінің байқауы" санатында бірінші орынды алды.
5 / 14
Француз фотографы Джереми Лемпиннің "Доктор Пейо мен мистер Хассен" атты суреті "Күнделік өмір тарихы" санатында бірінші орынға ие болды.
6 / 14
"Бейруттағы жарылыс" – австралиялық фотограф Крис МакГраттың жұмысы. Оны қазылар алқасы Istanbul Photo Awards 2021 байқауында "Жаңалықтар сюжеті" санатында үшінші орынға лайықты деп тапты.
7 / 14
"Супербайктар апаты" атты сурет. Бұл жұмыстың авторы – жаңазеландиялық фотограф Скотт Робин Барбур. Ол "Спорттың жеке түрлерінің байқауы" санатында екінші орынды алды.
8 / 14
Иран фотографы Армин Карамидің "Сырттағы айна" атты суреті "Портрет тарихы" санатында жеңімпаз атанды.
9 / 14
"Сирия: соғыс пен үрейдің орнына спорт пен көңіл-көтеру" топтамасындағы суретті түсірген сириялық фотограф Анас Альхарбутли "Спорт сюжеті" санатында үшінші орынды алды.
10 / 14
"Таулы Қарабақ соғысы" топтамасындағы бұл туынды "Жаңалықтар тарихы" санатында екінші орынға жайғасты. Сурет авторы – түрік фотографы Угур Йилдирим.
11 / 14
Чех фотографы Барбор Рейховтың "Мызғымас спортшылар" атты жұмысы "Спорт сюжеті" санатында екінші орынды иеленді.
12 / 14
Австралия фотографы Адам Претти беделді байқауға "Бөрене деңгегіндегі боулдеринг" атты жұмысын ұсынды. Бұл сурет "спорт" санатында үшінші орынға ілікті.
13 / 14
Белгиялық фотограф Ален Шредер қырғыздардың ұлттық ойыны "көк-бөріні" түсірді. Бұл фото "Спорт тарихы" санатында бірінші орынды иемденді.
14 / 14
"Біз өлілерді таңнан түнге дейін әкетеміз" топтамасындағы сурет италиялық фотограф Фабио Буччареллиге тиесілі. Бұл туынды Istanbul Photo Awards 2021 байқауында "Жаңалықтар тарихы" санатында бірінші орынды лайықты деп танылды.