Қоғам

Түркістан облысының шекарасы өзгертілді

Түркістан облысының шекарасына екі елді мекен аумағы қосылды, бұл елді мекендер қазақ-өзбек шекарасында орналасқан
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан Бағыс және Хиебон ауылдары Түркістан облысының аумағына қосылды.

Тиісті қаулыға үкімет басшысы Асқар Мамин қол қойды.

"Бағыс және Хиебон елді мекендерінің жалпы алаңы 795,62 гектар жерін Түркістан облысының шекарасына қосу арқылы Түркістан облысының шекарасы өзгертілсін", - делінген хабарламада.

Премьер-министр облыс әкімдігіне осы қаулыға байланысты шаралар қабылдауды тапсырды.

Құжат алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.