Қоғам

Өзбекстаннан озып, Ресейден қалдық: балаларды қорғауда Қазақстан көрсеткіші айқындалды

Балалар үшін қауіпсіз ел санатында Сингапур мен Словения көш бастады. Ал үшінші орын Финляндия мен Швецияның еншісінде
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Қазақстан балаларды қорғау рейтингінде 180 елдің арасында 50-орынға ие болды. ТМД елдерінің ішінде Қазақстанды Беларусь пен Ресей басып озса, Армения, Өзбекстан, Түркіменстан мен Қырғызстан кестеде біздің елден төмен жайғасқан, деп хабарлайды Finprom.kz.

Өзбекстаннан озып, Ресейден қалдық: балаларды қорғауда Қазақстан көрсеткіші айқындалды

Балалар үшін ең қауіпсіз ел санатында Сингапур мен Словения болып шықты. Ал үшінші орын Финляндия мен Швецияға тиесілі. Нигерия мен Орталық Африка Республикасы және Чад қауіпсіздік көрсеткіші бойынша төменгі елдер қатарына енді.

Рейтінгтік көрсеткіш денсаулық сақтау мен білім беру және жалпы алғанда балалар қауіпсіздігі деңгейі бойынша анықталды.

Сонымен, Қазақстанда 5 жасқа дейінгі балалар өлімінің орташа коэффициенті дүниеге келген әрбір 10 мың балаға шаққанда, 99-ға тең екені айтылған. Көп жағдайда қыздардың 6%-ті 15-19 жасында тұрмысқа шығады және балалардың 8%-і 5 жасқа дейін аш құрсақ болып жүреді.

Қазақстанда ұл көп пе, қыз көп пе

Ал балаларды еңбекке тарту 2,2% құрайды. Жасөспірімдер арасындағы жүктілік коэффициенті 1 000 қызға шаққанда 29,8 тең. Балалар суицидінің деңгейі халықтың 100 000-на шаққанда 1,3 тең түскен.

Қазақстанда жыл басында 0-ден 15 жасқа дейінгі 5,8 млн бала болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7%-ке көп. Ер балалар саны дәстүр бойынша қыздар санынан асып түскен: яғни 5,8 миллион баланың 2,8 миллионы қыз бала.

Балалар мен жасөспірімдердің басым бөлігі Түркістан облысында тұрады: 815,4 мың адам. Бала саны жөнінен алғашқы 3 аймаққа Алматы облысы мен Алматы қаласы кіреді. Балалардың ең аз бөлігі Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген.

Суицид көрсеткіші қандай

Қаңтар-сәуір аралығында республикада кәмелетке толмағандар арасында 53 суицид жасалды (бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 15,2% артық). Оның ішінде 32 ұл мен 21 қыз бар.

Оқи отырыңыз: "Орыс тілін ғана біледі": министрлердің тіл меңгеру рейтингісі жарияланды

Өз-өзіне қол жұмсау әрекетін тағы 120 адам жасады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,3%-ке көп. Оның ішінде 21 ұл мен 99 қыз бар. Олардың көпшілігі толық отбасыларда өмір сүрді.