Өңірлер

Күйеуі айтқан: Атырауда жүріп бара жатқан "Газельден" секірген әйел опат болды

Жүргізуші әйелімен бірге "ГАЗельде" кетіп бара жатқанда көлік қатты түтіндей бастаған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр — Sputnik. "Атырау-Индер" тасжолында әдеттен тыс жағдайда болған жол апатынан бір адам көз жұмды, деп жазды Ақ Жайық.

Қайғылы оқиға 23 мамырда сағат 18:30 шамасында болды.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жүргізуші әйелімен бірге "ГАЗельде" кетіп бара жатқанда көлік қатты түтіндей бастаған. Ер адам әйеліне жүріп келе жатқан көліктен секіру керектігін айтқан. 52 жастағы әйел секіреді, бірақ көлік астына түсіп, көз жұмған.

"Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.