Қоғам

Әлеуметтік желіде 50 мың теңгеден берілетіні туралы хабарлама тарап жатыр

Қазақстандықтар таратып жатқан мәліметте әлеуметтік көмекті алу үшін 3120 теңге мөлшерінде төлем жасау қажеттігі айтылған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр — Sputnik. Әлеуметтік желіде 50 мың теңге алу үшін төлем жасау қажеттігі туралы ақпарат тарап жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл хабарламаның жалған екенін мәлімдеді.

"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған 50 мың теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекті тағайындау қызметі үшін 3120 теңге мөлшерінде төлем жасау қажеттігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген еңбек министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: 500 мың теңгеден таратылып жатыр деп ойлаған қызылордалықтар ұятқа қалды – видео 

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанда қандай да бір төлемдерді аудару арқылы тағайындалатын жәрдемақы немесе әлеуметтік төлем жоқ.  

"Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз", - деп түйіндеді министрлік.