Фото

Мәскеу түбіндегі авиашоу: ұшқыштар күрделі және таңғажайып трюктер көрсетті– фото

Sputnik

"Стрижи" және "Русские витязи" пилотаж топтары Мәскеу түбіндегі Кубинкада өзінің отыз жылдық мерейтойын ауқымды авиашоумен атап өтті. Бұл салтанатты шара қалай өткенін фотодан көріңіз.

Ұшқыштар экипаждың жоғары кәсібилігі мен қосарланып ұшудың жоғары деңгейін паш ететін күрделі және таңғажайып трюктерді орындады. Пилотаж кезінде ұшу және техникалық сипаттамалары әртүрлі заманауи жойғыш ұшақтар әуеге көтерілді.

"Русские витязи" жоғары пилотаждық авиациялық тобы 1991 жылдың сәуірінде құрылды. "Витяздар" бастапқыда Су-27П және Су-27УБ жоғары маневрлі көп мақсатты жойғыштарымен ұшты.

Кейінірек топқа Су-30СМ ұшақтары беріліп, ал 2019-2020 жылдары олардың қатарына жоғары маневрлі көп мақсатты ресейлік Су-35С жаңа әуе кемелері қосылды. Көп уақыт бойы "Витяздар" сериялық үлгідегі ауыр жойғыш ұшақтармен ұшатын әлемдегі жалғыз пилотаж тобы болды.

Алайда 2012 жылы Қазақстанда "Жетісу барыстары" пилотажды авиатобы құрылып, ұшқыштар Су-27 ұшағын әуеге көтерді.

"Стрижи" өз туған күнін "Витяздерден" бір ай кеш атап өтеді. Себебі бұл авиатоп та дәл сол 1991 жылдың мамыр айында құрылған болатын. Ұшқыштар МиГ-29 көп мақсатты жоғары маневрлі жойғыштармен ұшады.

1 / 15
"Русские Витязи" пилотаж тобының Су-27 және "Стрижи" пилотаж тобының МиГ-29 көп мақсатты жойғыш ұшақтары "АРМИЯ-2016" Халықаралық әскери-техникалық форумында Кубинкадағы аэродромда авиациялық шоуға қатысуда.
2 / 15
Ярослав облысындағы Туношна әуежайында "Авиарегион-2016" авиасалонына келушілер "Русские Витязи" пилотаж тобындағы Су-27 көп мақсатты жойғыш ұшақтарын тамашалап тұр.
3 / 15
"Русские Витязи" пилотаж тобы Баранович қаласында өнер көрсетуде. Беларусь Республикасының ӘӘК мен ӘШҚ 61-ші жойғыш авиабазасының 55 жылдығын мерекелеу өтіп жатыр.
4 / 15
Кубинкадағы аэродромда ұшу орындағаннан кейінгі "Стрижи" пилотаж тобының командирі Максим Мусатов.
5 / 15
"Ашық есік күні" аясында Г.М.Бериев атындағы Таганрог авиациялық ғылыми-техникалық кешеніне келушілер. Ортада - "Русские Витязи" пилотаж тобының Су-30 көп мақсатты жойғыш ұшағы.
6 / 15
"Русские витязи" мен "Стрижи" пилотаж топтарының МиГ-29 және Су-30СМ жойғыштары Мәскеуде Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған әуе шеруіне дайындалуда.
7 / 15
"Стрижи" пилотаж тобы Жуковский қаласындағы МАКС 2015 Халықаралық авиация-ғарыш салонында өнер көрсетуде.
8 / 15
Авиа орталықтың негізі қалануының 75 жылдығы мен "Русские Витязи" пилотаж тобының 22 жылдығына арналған Кубинкадағы авиашоуда әуеге көтерілген "Русские Витязидің" Су-27 жойғыш ұшақтары
9 / 15
"Русские Витязи" жоғары пилотаж авиациялық тобы Жеңіс шеруіне дайындықтан кейін. Ортада – топ жетекшісі полковник Андрей Алексеев.
10 / 15
"Русские Витязи" пилотаж тобының Су-30СМ және "Стрижи" пилотаж тобының МиГ-29 көп мақсатты жойғыш ұшақтары Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 74 жылдығына арналған Қызыл алаңдағы әскери шеруге дайындық кезінде.
11 / 15
"Стрижи" пилотаж тобы Жуковский қаласындағы МАКС 2009 Халықаралық авиация-ғарыш салонында өнер көрсетуде.
12 / 15
"Стрижи" пилотаж тобының МиГ-29 жойғыш ұшақтары Жуковский қаласындағы МАКС 2013 Халықаралық авиация-ғарыш салонында өнер көрсетуде.
13 / 15
"Русские Витязи" пилотаж тобы Жуковский қаласындағы "МАКС 2009" Халықаралық авиация-ғарыш салонында төрт Су-27 жойғыш ұшағымен өнер көрсетуде
14 / 15
"Стрижи" пилотаж тобының ұшқыштары.
15 / 15
"Стрижи" пилотаж тобының МиГ-29 ұшақтары Мәскеу маңындағы Жуковский қаласында МАКС 2019 Халықаралық авиация-ғарыш салонында өнер көрсетуде