НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. Мексикада соңғы 20 жылдың ішінде кем дегенде 30 адамды өлтіргенін мойындаған 72 жастағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлады Lenta.ru.
Полиция 34 жастағы Рейна Родригестің өлімінен кейін оның ізіне түскен. Әйел 13 мамырда жоғалып кетіпті.
Мексикалықтың үйін тінту кезінде полицейлер көптеген адам сүйегін тапты. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ер адам марқұмдардың етін жартылай жеген. Сонымен қатар, зейнеткердің үйінен әр жылдардағы құрбандарының құжаттары мен жеке заттары тәркіленді.
Әйелдерді өлтіріп, етінен бәліш жасап сатқан ер адам 71 жылға сотталды
Сондай-ақ, күдіктінің үйінен қыл ара мен аудиожазба табылды. Полиция ол Рейна Родригесті өлтіріп, бөлшектеген деп санайды. Күдіктінің нақты қанша адамды өлтіргені ДНҚ сараптамасынан кейін анықталады.
Жалғыз басты ана Рейна Гонсалес ер адаммен көрші тұрған, оның ұялы телефон сататын дүкені болыпты. Көршілер мексикалықтың оған жиі барып, тамақ апарып беретінін айтты. Олар әйелді соңғы рет кісі өлтірушінің үйіне қонаққа барған кезде көрген.