Қазақстан ішкі істер министрлігі Кинология орталығы 20 жылға жуық уақыт ішінде полиция бөлімшелері, қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде және Ұлттық гвардияда жұмыс істеу үшін жүздеген кинолог-инспекторды, сондай-ақ қызметтік иттерді дайындады. Қазірге дейін олар мыңдаған қылмысты ашуға қатысты.
Қазақстан ІІМ Кинология орталығының бастығы Әнел Болғымбаеваның айтуынша, полиция жұмысында ешқандай заманауи технология мен гаджет иттің иіс сезу қабілетін алмастыра алмайды. Себебі иттің миллиондаған иісті ажырата алатыны дәлелденген.
Полиция үшін иттер жай көмекші ғана емес, серіктес те болады. Бұл иттің адалдығына байланысты қалыптасқан, адамға қауіп төнген кез келген жағдайда ол өз өмірін ойланбастан қиюға дайын тұрады.
Полиция иті болудың жақсы әрі қиын жағы да бар. Ішкі істер министрлігінің Кинология орталығындағы үй жануарына қызыға қарауға болады, бұл жерде итке арналған ыңғайлы төсек-орын бар, тұрақты түрде тамақ беріліп, жоғары деңгейдегі медициналық қызмет көрсетіледі. Ал қиындық ретінде жаттықтыру кезіндегі қатаң тәртіпті атауға болады. Алайда бұл үй жануары үшін аса қатты қиындық тудырмайды. Олар үшін иесінің назары мерекеге тең.
Қызметтік-іздестіру жұмыстарына жұмылдырылған иттердің қалай жаттығатынын, полиция көмекшісінің қандай қасиетке ие болуы қажет екенін, олар қандай міндеттерді орындайтынын және демалысқа қашан шығатынын Sputnik Қазақстан тілшілері дайындаған видеодан көріңіз.