НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Апта жексенбісінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы жаңбырсыз болып, республиканың басым бөлігінде күн күрт ысиды деп болжанды.
"Тек, республиканың оңтүстігі мен шығысында атмосфералық фронтальды ауа ағыны жүріп, кей жерлерде жаңбыр себелеп өтеді. Ал республиканың кей өңірлерінде жел күшейіп, оңтүстікте – найзағай ойнап, шаңды дауыл көтерілсе, солтүстікте шаңды дауыл тұрады", – деп хабарлады Қазгидромет.
Өңірлерде дабылды ескерту жарияланды
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, желдің күшеюі секундына 25 метрге дейін жетеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, кей жерлерде жел екпіні 23 метрге дейін жетеді, күндіз таулы аудандарда найзағай ойнауы мүмкін.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз таулы аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
Қарағанды мен Атырауда, күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 метр секундқа дейін жел соғып, Атырау облысының кей ауданында шаңды дауыл көтеріледі.
Павлодар облысының кей жерлерінде төңірект тұман қаптайды.
Түстен кейін Маңғыстау, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы күрт көтеріледі.
Қызылорда қаласының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстанда, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Атырау облысының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі болжанды. Осыған орай дабылды ескерту жарияланды.
Мегаполистердегі ауа-райы
23 мамырда Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт жүріп, жауын-шашынсыз ауа температурасы +30, +32 градусқа дейін жоғарылайды.
Алматыда жексенбі күні ауа райы ашық болады +28, +30.
Шымкентте синоптиктер күн ыстық және желді болады деп болжайды. Термометр көрсеткіші +30, +32 градусқа дейін көтеріліп, желдің екпіні секундына 20 метрге жетеді.