Мәдениет

"Алғысымыз шексіз": Нұрсұлтан Назарбаев "МузАРТ" тобын құттықтады

2021 жылы "МузАРТ" тобы жиырма жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Тұңғыш президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "МузАРТ" тобын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы топ мүшесі Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты шарада мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова "МузАРТ" тобын 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, оларға Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын табыс етті. 

МузАРТ тобы 2001 жылдың сәуір айында құрылған. Қазір топ құрамындағы әншілер - Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаев және Кенжебек Жанәбілов.