НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр - Sputnik. Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жаңартылды. Шымкент "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа орын ауыстырды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда өткен тәулікте 2 267 адам вирус жұқтырды
21 мамырдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы мынадай:
- "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.
- "Сары" аймақта: Шымкент, Алматы, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары. ⠀
- "Жасыл" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.