Қоғам

Аптап ыстық болады - алдағы күндерге ауа райы болжамы шықты

Республика аумағында ауа температурасы 30-38°С градусқа дейін, ал оңтүстік-шығыста және орталықта 25-35°С-қа дейін көтеріледі
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр — Sputnik. Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Мамырда ауа райы қандай болады – Қазгидромет болжамы жарияланды

Қазгидромет ақпаратынша, 22-24 мамыр күндері республиканың барлық аумағы жоғары атмосфералық қысым ықпалында болады. Осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Шығыс Қазақстан облысында 22 мамыр күні аздаған жаңбыр жауып, түнде үсік жүруі мүмкін. Иран аймағынан келетін жылы және құрғақ ауа массалары ауа температурасының жоғарылауына әсер етеді.

"Еліміздің басым бөлігінде ыстық ауа температурасы қалыптасады. 24 мамыр күні 30-38 градус аптап ыстық болады, тек елдің оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында ауа температурасы плюс 25-35 градусты көрсетеді", - дейді мамандар.  

Сондай-ақ республиканың кейбір аймақтарында жел күшейеді. Оңтүстік өңірде шаңды дауыл болуы мүмкін.