Қоғам

Тоқаев кішкентай қазақстандықты құтқарған түрік дәрігерін марапаттады

Дәрігер Режеп Шекер ұшақ ішінде жүрек талмасы ұстаған қазақстандық нәрестеге шұғыл көмек көрсеткен
Sputnik

АЛМАТЫ, 20 мамыр – Sputnik. Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы ұшақта қазақстандық сәбиді құтқарған түрік дәрігері Режеп Шекерге президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Құрмет грамотасын табыстады, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Президенттің жеке дәрігері ұшақта қазақстандық нәрестені аман алып қалды
Елші Абзал Сапарбекұлы Абайдың "Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың" деген сөзін еске сала келе Реджеп Шекердің жасаған абыройлы әркетіне алғыс білдірді.

Реджеп Шекер – Қараман қаласынан сайланған Түркия ұлттық жиналысының депутаты. Сондай-ақ ол Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның жеке дәрігері.

Айта кетейік, наурызда Бішкектен Ыстамбұлға бет алған қазақстандық сәбидің ұшақ ішінде жүрек талмасы ұстаған. Бортта дәрігер Режеп Шекер болып, балаға көмектесті. Ұшақ шұғыл Анкараға қонып, бала бірден ауруханаға жеткізілген болатын.